From Wikipedia, the free encyclopedia
Орта Сібір таулы үстірті — Солтүстік Азияның орта бөлігіндегі физика-географиялық аймақ. Шығыс Сібірде, Ресейдің Красноярск өлкесі, Иркутск облыстары мен Саха (Якутия) жерінде. Солтүстігнде Солтүстік Сібір ойпаты, шығысында Орта Якут ойпаты, Лена өзені, оңтүстігінде Шығыс Саян жотасы, Байкал алды, Байкал сыртымен шектеседі. Жерінің аумағы 4 млн. км². Сібір платформасына сәйкес келеді. Үстірттер (Вилюй, Тунгус, т.б.) мен бұйраттардан (Енисей, Ангара, т.б.) тұрады. Орташа биіктігі 500 – 900 м. Ең биік жері Путорана үстіртінде (1701 м) көпжылдық тоң кең тараған. Климаты тым континенттік. Қаңтарда жылдық орташа температурасы –18°С, ең төменгісі –65 – 68°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 – 500 мм, Путоранада 700 – 800 мм. Ірі өзендері: Тунгуска, Ангара, Хатанга, т.б. Негізінен балқарағай, қарағай ормандары, солтүстігінде тундра, оңтүстігінде орманды дала алқаптары тараған. Кен байлықтарынан: көмір, темір, мыс, никель кентасы, алтын, алмас, графит, тас тұзы, табиғи газдың мол қоры бар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.